Accessibility links

Бүгін Ұлыбритания Ливияға қарсы салынған санкцияларды алып тастау жөнінде БҰҰ-на ұсыныс жасайтынын мәлімдеді.


Ұлыбритания Ливияға қарсы салынған санкцияларды тоқтату жөніндегі қарар жобасын БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынатынын хабарлады. Жұма күні кешкісін Ливия 1988 жылы шотландық қаланың үстінен ұшып бара жатқан американ ұшағына жасалған жарылысқа жауапкершілікті ресми түрде өзіне алды. Осы жайындағы хат БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне жолданды. Ливия бұл құжатында терроризмді айыптап, қаза болғандардың жақын туыстарына екі миллиард жеті жүз мың доллар төлеуге міндеттеме алған. Құрама Штаттар мен Ұлыбритания Қауіпсіздік Кеңесіне қайрылған мәлімдемесінде, Ливияның бұл әрекеті осы елге қарсы салынған халықаралық санкцияларды алып тастауға жол ашады деген. Дегенмен, Ақ үй Ливиядағы адам құқықтары мәселесі дұрысталғанша және жаппай қыру қаруын игеруден бас тартқанша бұл елге салынған санкциялар күшінде қалатынын айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG