Accessibility links

Сауд Арабия елінде Уганданың бұрынғы президенті, Африканың қанды қол диктаторларының бірі- Иди Амин қайтыс болды.


Оның нақты туылған жылын ешкім білмейді, дегенмен жасы 80-дер шамасында. Амин бұрын ауыр салмақтағы боксшы және британ жасағының әскері болған. Ол Уганда билігіне 1971 жылғы әскери төңкерістен кейін келген. Ол билікті басқарған 8 жыл ішінде түрлі деректерге қарағанда 100 мыңнан 500 мыңға дейін адам өлтірілген. Оның билігі құлатылған соң, Амин Ливияға одан кейін Ираққа қашып кеткен. Төрт жыл бұрын Сауд Арабия елі, егер Уганданың бұрынғы президенті Иди Амин саясаттан аулақ жүрсе, оны өзіне қабылдауға келіскен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG