Accessibility links

Ирақтың солтүстігінде жарылған мұнай құбырындағы өрт жалғасып жатыр.


Ирақтағы Американ әскери өкілінің хабарлауынша, мамандар өртеніп жатқан аймақтан мұнайды сыртқа жіберуге тырысуда. Өрттің неден болғаны әлі белгізсіз. Американдық полковник Роберт Николсонның айтуынша, оқиға болған жақын жерден жарылмаған екі бомба табылған. Ирақтың солтүстігіндегі бұл мұнай құбыры соғыстан кейін қайта жөнделіп, сәрсенбі күні ғана іске қосылған болатын. Ол арқылы жанар-жағар май Түркияның жерорта теңізіндегі порттарына жеткізіліп тұратын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG