Accessibility links

Таяу шығыстағы соңғы жағдайлар.


Бүгін Израиль мен Палестинаның өкілдері Иорданның батыс жағалауындағы Иерихон мен Қалкилия қалаларынан Израиль әскерін шығарудың мерзімдерін талқылауда. Келіссөзді өткізуге Израиль қорғаныс министрі Шауль Мофаз бен Палестина елінің қауіпсіздік қызметінің басшысы Мохаммед Дахланның кешегі кездесуінен кейін қол жеткен. Израиль сонымен бірге палестиндіктердің бақылауына Рамалла мен Түлкармді беруге ниет танытты. Бұл келісімдердің жүзеге асуы палестина басшылығының палестиндік жауынгерлік топтардың израильдіктерге қарсы шабуылдарын тоқтатуымен байланысты болмақ. Израиль әскерлерінің палестина аймағанынан толығымен шығарылуы Таяу шығыстағы жағдайды реттеу мақсатындағы жол картасы деген атпен белгілі халықаралық жоспарда қаралған. Израиль әскері бүгінде Иорданның батыс жағалауындағы Газа қаласы мен Вифлеемді босатқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG