Accessibility links

Иди Амин жазадан құтылып өлді, дейді "Әмнести интернешнл" ұйымы


Уганда мемлекетінің қандықол бұрынғы басшысы Иди Амин кеше Сауыд Арабстанда жан сауғалап жүрген жағдайында қартайып, кеше ұзақ науқастан соң қайтыс болды. Иди Амин 20 ғасырдың жантүршігер диктаторының бірі деп танылды. Амин кеше Джидда қаласында жерленді. Аминның жасы сексеннің шамасында, нақты ешкім білмейді. Амин Уганда билігіне 1971 жылы әскери төңкерістен кейін келген. Аминның сегіз жылдық елбасылығында кемінде 300 мың адам өлтірілді. Амин, сол сияқты, Угандадан ондаған мың азиялық жұртты қуып жіберді. Амин дара билігін ешкімге қимайтын. Мәселен, Амин билікті ешкімге бермеймін деп айтқан сөзі "Азаттық" радиосының мұрағатында мұрағатта сақтаулы. "Андай-мындай өзгеріске барсамда, бағытымнан ешқашан таймаймын", - деген еді Амин. Дегенмен, 1979 жылы Амин тоңқалаң асып, елден қуылды. Уганда президентінің баспасөз хатшысы Оонапито Екониолойт Аминның ажалы еліміздің қиын заманы артта қалғанын көрсетіп отыр деп сипаттады. "Әмнести интернешнл" сияқты құқыққорғаушы ұйымдар болса Аминның жазадан құтылып кеткені халықаралық қауымдастықтың шарасыздығын танытып отыр дейді. Адам құқықтарын қорлаған басшыларды дер кезінде жауапқа тарту керек, дейді "Әмнести интернешнл" ұйымы.
XS
SM
MD
LG