Accessibility links

Ирақтан Түркияға мұнай тасымалдайтын құбырдағы жарылыс қолдан жасалғаны анықталды


Ақау жұма күні Бәйджи қаласының маңында орын алды. Мұнай құбыры соғыстан кейін алғаш рет сәрсенбі күні іске қосылған болатын. Құбыр арқылы Киркөк мұнайы Түркияның Жерорта теңізіндегі порттарына жеткізілуге тиіс. Ирақ мұнай министрі Тхамир Ғадбан кеше Бағдадта өткен баспасөз мәслихатында енді бірнеше күннен кейін құбыр қайта қосылады деп айтты: - Ираққа жаны ашыған әр азаматтан сұрайтынымыз – құбыржолдың қауіпсіздігіне септігін тигізіңіз. Себебі құбыржолға Ирақ халқының талай табысы тәуелді. АҚШ әскерінің өкілдері кеше Бақұба қаласында саддамшыл молданы қамауға алды. Ол жұртты одақтастар әскерлеріне қарсы қоздырып жүрсе керек. Кеше тәңертен Бақұба қаласында әскери керуенге шабуыл жасалып, американдық сарбаз жараланған болатын. Мосыл қаласында кеше, сондай ақ, полиция бастығы генерал Мохаммед Қаириге қастандық жасалды. Мохаммед Қаири жарақат алды. Оқиға жерінде екі адам қаза тапты, 14 адам жараланды.
XS
SM
MD
LG