Accessibility links

Қазақстандағы ұйғыр тілі

  • Гүлмира ХАМЗА

Жыл сайын қырқүйек айының соңғы аптасында Қазақстан халықтарының тілдер фестивалі өтеді.

Осы мерекеге орай біз Қазақстанда мекендейтін халықтардың өз ана тілдері жөніндегі пікірін білуге тырыстық. Бүгінгі бағдарламамызда ұйғыр тіл мәселесі сөз болады. Қазақстандағы ұйғыр қауымдастығының жетекшісі Хахраман Қожамбердиевтың айтуынша, бүгінгі таңда ұйғыр тілінің деңгейі төмендеп бара жатқанына зиялы қауым жауапты.

Қазақстандағы ұйғыр қауымдастығының жетекшісі Хахраман Қожамбердиев:

- Қазақстандағы ұйғырлардың жағдайы көп ұлтты мемлекеттің өзгеде халықтары сияқты, шешілген мәселелері де көп, шішімін таппай жатқан тұстарыда жоқ емес. Бүгінгі таңда ұйғыр халқын ұйғыр тілі ойландырады, толғындырады. Бұл жағдайда екі мәселе туындап отыр. Тоқсаныншы жылдардың басында ұйғыр мектептеріне жылдан жылға балалар көп келген. Қазақстан бойынша, 14 орта білім беру мектеп бар, сонымен қатар қазақ, орыс мектептерінде ұйғыр сыныптары бар, осы сыныптарға келетін ұйғыр балалары көп болатын. Соңғы 3-4 жылдары бұл балалардың саны азайып бара жатыр. Қарап отырсақ, Қазақстаннан кетіп жатқан ұйғырлар көп емес, бірақ ұйғыр мектептеріне баратындардың саны азайды. Осыны зерттеп қарасақ, бар мәселе ұйғырлардың өзінде екен. Олар өз балаларын ұйғыр мектебіне бермейтін болған, себебі болашақта жұмыс таба алмайды, ұйғыр мектептерінде білім сапасы төмен, деп. Сол себептен олар балаларын орыс мектептеріне береді. Осы мәселені шешу керек, бірақ мұны үкімет емес, біз өзіміз шешуіміз керек, насихат жүргізіп.

Сонымен қатар, Хахраман Қожамбердиев бұл мәселеде мемлекет тарапынан қолдау болса, дегенді айтады. Осы арқылы ұйғыр тіліндегі радио және теле бағдарламалардың санын көбейтіп, ұйғыр тілінде шығатын газет- журналдарға жағдай жасауға болады.

Қазақстандағы ұйғыр қауымдастығының жетекшісі Хахраман Қожамбердиев:

- Мысалы, мен өзім тілімді дамытып отырамын. 1997 жылға дейін Қазақстан телеарналарында күнде 60 минуттай ұйғыр тілінде хабарлар берілетін, соңынан экономикалық жағдайға байланысты бұл бағдарламалар қысқартылды. Қазір экономикамыз көтерілді, деп айтқанымен осы бағдарламалар аптасына бір-ақ рет шығалы. Ал, ұйғыр тілінде бағдарламаларды ұйғырлар өздері шығара алмайды, себебі олар жарнама таба алмайды. Сол себептен бұл мәселеде Қазақстан үкіметінің көмегі керек.

Қазақстанда ұйғыр тілінде шығатын «Ұйғыр авози» газетінің жетекшісі Юлдаш Азаматовтың пікірінше, ұйғыр тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдарының жағдайы мемлекеттік немесе ресми тілдегі бұқаралық ақпарат құралдарының жағдайынан кем емес, деп айтуға болады.

Ұйғыр тілінде шығытын «Ұйғыр авози» газетінің жетекшісі Юлдаш Азаматов:

- Біз алғашқылардың бірі болып, газетіміздің атын «Ұйғыр авози», деп өзгенттік. Қазіргі жағдайымыз жаман емес. Кезінде қиналғанбыз, бірақ қазіргі жағдаймыз жақсы. Біздің жағдайымыз қазақ, орыс тілінде шығатын газеттермен бірдей. Егер біз аптасына бір-ақ рет шығады, дейтін болса, қазір Қазақстандағы бар мемлекеттік мерзімді басылымдардың жағдайы осындай, деп айтар едім.Қазір аптасына бір рет 12 бетті болып, түрлі-түсті және 11 мың дана көлемінде шығамыз. Бұл ұлттық газетке өте жақсы.

Қазақстанда ұйғыр тілінде шығытын газет-журналдардың жағдайына ұйғыр қауымдастығының тағы бір мүшесі Мухлиси Жусіп риза екенін жеткізді, бірақ Мухлиси Жусіп, саяси жағдайға наразы екенін айтты.

Ұйғыр қауымдастығының тағы бір мүшесі Мухлиси Жусіп:

- Газет шығып жатыр, журнал шығарып жатыр, бірақ енді Шығыс Түркістандағыдай емес. Алайда Қазақстандағы ұйғырлардың жағдайы жақсы,өз ана тілдерін біледі, түрлі кітаптар шығады, ұлттық мәдени орталықтар бар. Мен саяси жағдайға наразымын. Парламентте ұйғыр жоқ,ақпарат жоқ, кемшіліктер бар, ал жалпы жағдайға ризамын.

Қалай болғаны мен - Қазақстандағы ұйғыр қауымдастығының кейбір мүшелері ұйғыр тіл мәселесіне алаңдаушылықпен қарайды. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі ретінде, олар Қазақстандағы мемлекеттік тіл-қазақ тілінің жағдайымен де байланыстырады. Егер қазақтар өз ана тілдерінде сөйлей бастаса, онда ұйғырларда ұйғыр тілін умытпайтын еді, - дейді Хахраман Қожамберді.

Мамандардың ойынша, қазақ тілінің мәселесі шешілгенде, мемлекеттегі көптеген түрік тілдес халықтардың тіл мәселесі де шешілуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG