Accessibility links

Ирандағы сайлауға қойылған шектеулер төңірегіндегі күрес

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Иран реформашылдары қабылдаған заңға консерваторлар яғни кертартпалар қарсы

Сайлауларға қойылған шектеулерді алып тастау туралы Иран парлмаенті қабылдған заңды Иран одан жоғары тұрған Иран Қорғаныс Кеңесі кері қайырды.

Осы аптада Иранның Қорғаныс Кеңесі Иран парламенті қабылдаған реформашыл заңды яғни Қорғаныс Кеңесінің елдегі сайлауға бақылауын шектеуге арналған заңды екінші рет өткізбей тастады. Оның себебі Парламентте жоғары тұрған Қорғаныс Кеңесі негізінен кертартпалардан құралған болса, Иран парламентінде президент Хатамиді қолдайтын реформашылдар бүгінде көпшілік болып отыр.

Қорғаныс Кеңесі парламент ұсынған екі заңның екеуі де конституцияға сай келмейді, ислам заңына да қайшы деген уәж айтады. Талдаушылар осынау парламент қабылдаған реформашыл заңдардың қайта-қайта Қорғаныс Кеңесінен өтпей жатуы Қорғаныс Кеңесінің парламенттік сайлауларға одан әрмен бақылауды күшейтуге әкеліп соғады. Нәтижесінде, алдағы сайлауда өз сыбайластары қатарынан көбірек депутат сайлауды көздеуі мүмкін деп біледі. Осы ойды Фироз Гауран атты Иран журналисі де қуаттайды:

"Менің ойымша келесі президенттік сайлауда оңшыл кертартпалар парламентті өз адамдарымен толтырмақ. Өйткені, сайлау бекетіне дауыс беруге баратын халықтың сайлайтыны тек Қорғаныс Кеңесі дайындаған үміткерлер болмақ."

Техран Университетінің профессоры Садеқ Зибакаламның пікірінше Иран конституциясы билік тұтқасын парламент пен халық сайламаған Қорғаныс Кеңесіне әдейі қатар ұстатып қойды дейді:

"Өкінішке орай, Ислам республикасында биліктің екі түрі бар; бірі - Жоғары Басшы тағайындаған билік те, екіншісі – сайланған билік. Олардың арасындағы жауапкершілік ауқымы айқындалмағаннан кейін ылғи да жанжалдар болып тұрады."

Профессор Зибақалам ендігі сайлауда консерваторлар яғни кертартпалар ұтады деп біледі:

"Келесі сайлауда кертартпалар ұтып шығады деп білемін. Реформашылдардың үміткерлерін сайлауға жібермейтін болады." Ал, бұның ел ішінде де сыртында да саяси салдары ауыр болады деп біледі Зибақалам. Сайлауға дауыс беруге жиналатын жұрт та шамалы болады деп ойлаймын дейді профессор. 28 миллион Иран сайлаушыларының тек 14-15 миллионы дауыс беруге қатысатын шығар дейді ол.

Реформашыл президент Хатами осы апта басында кертартпа күштерге олардың реформаға тосқауыл болуы Иран жастарының наразылығын тудыратынын ескертті. Хатами осыдан екі жыл бұрын қайта сайланғанда Иран халқының алдында реформаларды одан да әрмен тереңдетемін деп ашық уәде берген еді. Осы аптадағы сөзінде Хатами кертартпаларға қаратып Иран жастарының талап-тілектерін бұлайша жоққа шығару және оның салдары Иран қоғамы үшін ауыр болады деп ескертті.
XS
SM
MD
LG