Accessibility links

Ирақ мұнай құбырындағы қастандықтардан күніне 7 миллион доллардың қаржысынан айрылып отыр, - деп уақытша АҚШ әкімшілігінің басшысы Пол Бремер мәлімдеді.


"Бүгін Ирақтың кедей болып отырғандығы 40 жыл бойы билік орындарының экономиканы дұрыс басқара алмауынан және Ирақта жалғасып жатқан саяси саботаждың кесірінен соның қатарында Киркуктегі құбарға екі күн бұрынғы шабуыл, оның ирақтықтарға әкеліп отырған шығыны күніге 7 миллион долларды құрайды," - дейді Бремер. Түркияға мұнай айдайтын құбыр соңғы күндері екі мәрте жарылды. Қалпына келтіру жұмыстары бірнеше күнді алады. Жексенбі күні Бағдат маңында тағі бір қастандық жасалды, қаланың солтүстік бөлігін сумен қамдайтын су құбыры істен шығарылған. Осының кесірінен Бағдаттың кейбір тұрғын аудандарын су басып кеткен, 300 мыңдай бағдаттық сусыз қалған.
XS
SM
MD
LG