Accessibility links

2004 жылдан бастап өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын енгізу көзделуде

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Өлім жазасына мораторий енгізуді шешу үшін Үкіметке аталған мәселенің заңдық, материалдық-техникалық шараларын ұйымдастыру жүктелгені белгілі.

Бұл орайда әділет министрлігі аталған мәселеге байланысты кейбір заң актілеріне өзгеріс енгізу туралы заң жобасын дайындаған. Осы заң жобасына сәйкес 2004 жылдың бірінші қаңтарынан бастап өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын енгізу көзделуде, - деді тамыздың 19-ы күні өткен үкімет отырысында Әділет министрі Оңалсын Жұмабеков.

Министрдің айтуынша, жазаның аталған түрін өтеушілерге арналып салынатын колония құрылысы аяқталғанша, бүгінгі күні жұмыс істеп тұрған айрықша тәртіптегі колониялар пайдаланылмақ. Бүгінгі күнгі республика көлемінде 81 түзету мекемесі жұмыс істейді. Соңғы бес жылдың ішінде жазасын өтеушілердің саны бірінші рет азайып және осы жылдың ортасында ол 55 мың адамды құрап отыр. Өткен жылдың желтоқсан айына қарағанда сотталғандар саны 10 мың адамға азайған.

Түзету орындарынан 95 адам жазаларын одан әрі өтеуден босатылған. Оң мінездеме алған 18 мыңнан аса адам шартты түрде жазаны өтеуден босатылған.

Қазіргі уақытта сотталғандардың 70 пайыздан астамы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар.

Сотталғандардың 30 пайызы ғана еңбекпен қамтылған. Ай сайын 20 адам есірткінің құрбаны болуда Тамыздың 19-ында өткн Үкімет отырысында Әділет министрі Оңалсын Жұмбаеков, есірткіге қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасының орындалу барысы туралы және есірткі және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы туралы да мәлімдеді. Министр, Қазақстан арқылы Ресейге және Еуропалық мемлекеттерге астыртын есірткі тасымалданатындығын, алайда есіркті саудасымен айналысушылар тауып отырған табыстың аталған бағыттағы арналарды жабуға қиындық туғызып отырғанын айтты.

Министрдің айтуынша, Ауғанстанда бір гектар апиыннан 8 мың долларға дейін пайда алынады және жыл сайын 50 мың тоннаға дейін апиын мен героин өндіріледі. Олардың 65 пайызы Орта Азия мемлекеттері арқылы өтеді.

Ал, мамандардың пікірінше, Жамбыл облысының Шу алқабынан жыл сайын 145 мың тоннаға жуық көкнәр немесе 5 мың тонна гашиш алуға болады екен.

Соңғы бір жарым жылдың ішінде заңсыз айналымнан 65 мың тоннадан аса есіркті алынған. Оның 300 кг есірткінің ауыр түрі героин. Он жылдың ішінде тәркіленген есірткінің көлемі 20 есе өскен. Қылмыстың осы түрімен айналысқан 15 мыңнан аса адам сотталған.

Әділет министрінің айтуынша, елде аталған жағдай күрделі күйде қалып отыр. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша ай сайын 20 адам есірткіні шамадан көп пайдаланудан қаза болады.

Оңалсын Жұмабековтың айтуынша, осыдан он жыл бұрын есірірткіге тәуелді 13,5 мыңнан аса адам есепке алынған болса, бүгінгі күні олардың саны 48 мың. Министр, бұл мәліметтердің өзі шынайы жағдайды көрсетпейді деп есептейді.
XS
SM
MD
LG