Accessibility links

Бағаның тұрақтануы үшін бәсекелестік болуы қажет

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қазақстан Үкіметінің тамыздың 19-ы күні өткен отырысында көкөніс бағасын тұрақтандыру мәселесіне арналған іс-шаралардың орындалу барысы қаралды.

Астана қаласының және солтүстік аймақтардың әкімдері оңтүстік облыстардан автокеруен арқылы көкөніс тасымалдау жолымен бағаны ырықтандыруды қолға алғаны бұған дейін де хабарланғанды.

Премьер-министр Даниал Ахметов бірнеше жылдар бойы бұл мәселені әкімшілік шараларымен шешуге қол жетпей отырғанын айтты. Премьердің пікірінше, бұл мәселіні шешу үшін мейлінше жоғары бәскелестікке негіз болатын жағдай жасалуы қажет. Бұл секторда тиісінше бәскелестік болмаған жағдайда біз үнемі бағаны жоғары болуын байқаймыз, - деді ол.

Алайда, Үкімет басшысы бұл мәселеге байланысты әкімшілік мүмкіндіктер толық іске асырылған жоқ деген пікірде.

Индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбековтің айтуынша, осы жылдың қаңтар айынан бергі кезеңде азық-түлікке баға индексінің өсуі 2,4 пайызды құраған.

Азық-түлікке бағаның өсуі оңтүстік аймақтарда да байқалып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиевтің айтуынша, бағаның өсуі көктемнің кеш шығуынан болуда.

Болат Жылқышиев автокеруендермен солтүстік облыстарға көкөніс тасымалдау тиімді екенін айтты. Және бұл бір жолғы жасалатын жұмыс емес күнделікті іске асырылып отыруы қажет деген пікірде.
XS
SM
MD
LG