Accessibility links

Халықаралық кешірім ұйымы Құрама Штаттардан террористерді соттауды тоқтатуды талап етті.


Лондон. Халықаралық Кешірім ұйымы бүгін Құрама Штаттарынан террорист деп табылғандарды әскери трибуналға тартпай тұра тұруды сұрады. Осынау беделді халықаралық адам құқын қорғау ұйымы әскери трибунал жәй соттармен салыстырғанда жеткіліксіз деректерге сүйеніп те айыпталушыларды өлім жазасына кесіп жіберуі мүмкін деп біледі. Тәуелсіз сарапшылардың Гуантанама Бей түрмесінде болып тұтқындардың жағдайын өз көзімен көру жөніндегі талабына Құрама Штаттардың табанды түрде бас тартуынан Кешірім ұйымы күдіктеніп отыр.
XS
SM
MD
LG