Accessibility links

Ауғанстанда кеше 7 полиция қызметкері өлтірілді.


Қабул. Қабулдің түстігіндегі Лагор өлкесінде кеше талибандар делінген қарулы топ 7 полиция қызметкерін өлтіріп кеткен. Оның ізінше аймаққа дереу келіп жеткен қауіпсіздік қызметкерлері 7 кісіні тұтқындаған. Тек өткен аптаның өзінде Ауғанстанда 90 кісі әртүрлі шабуылдардың құрбаны болды. Осы өткен демалыс күні Ауғанстан солтүстігінде екі ізгіниет жәрдемшісі жарақаттанды. Оларға шабуыл жасағандар да талибандар болуы керек делініп отыр. Мазари-Шариф полициясының айтуынша Британияның балаларды қорғау Қорының екі қызметкеріне жексенбі күні шабуыл болған. Кісі шығыны жоқ. Бүгін Ауғанстан 1919 жылы Британия отарынан азат болған тәуелсіздік күнін атап өтуде. Соған орай елде қауіпсіздік шаралары қатайтылып, Ауғанстан президенті Хамид Карзаи түрмеде отырған 60 жастан асқандардың бәріне кешірім жариялады.
XS
SM
MD
LG