Accessibility links

Ирақтың жаппай қырып-жою қаруына байланысты барлау мәліметтері туралы өз қызметкері Дэвид Келлиді ақпарат көзі ретінде өз бастамасымен нұсқап көрсеткенін британ үкіметі мойындады.


ЛОНДОН: Ирақтың жаппай қырып-жою қаруына байланысты барлау мәліметтері туралы өз қызметкері Дэвид Келлиді ақпарат көзі ретінде өз бастамасымен нұсқап көрсеткенін британ үкіметі мойындады. Барлау мәліметтері Ираққа қарсы соғыс қимылдарын бастауға түрткі болған Тони Блэрдің баяндамасында пайдаланылған. Сәл кейінірек, ағылшын қорғаныс министрлігіндегі ақпарат көзіне сүйенген Би-Би-Си телекомпаниясы, Ирақтың жаппай қырып-жою қаруынан төнген қауіп-қатерді үкімет қасақана асырып көрсетті деп мәлімдеді. Дүйсенбі күні британ үкіметінің өкілі Джонатан Пауэлл Би-Би-СИ телекомпаниясына құпия ақпарды берген әскери сарапшының атын атауға Тони Блэрдің өзі рұқсат берді деген болжамды жоққа шығарды. Д.Келлидің өлігі шілде айында өз үйінің маңайында аңғарылған болатын. Полиция оны өзіне өзі қол салып өлді деп санайды. Ал Д.Келлидің жақындары оны халықаралық жанжалға душар болуы салдарынан өзіне өзі қол салып өлді деп мәлімдеуде.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG