Accessibility links

Ауғанстанның Пактика провинциясындағы әскери базаға жасалған тұтқиыл шабуылдың нәтижесінде үкімет армиясының 3 жауынгері қаза болды.


КАБУЛ: Ауғанстанның Пактика провинциясындағы әскери базаға жасалған тұтқиыл шабуылдың нәтижесінде үкімет армиясының 3 жауынгері қаза болды. Провинция әкімі Мохаммад Әли Джалалидің соған байланысты жасаған мәлімдемесінде, тұтқиыл шабуылды бірнеше ондаған тәліптің ұйымдастырғаны айтылады. Оның нәтижесінде әкімшілік ғимараты өртеніп кеткен. Одан бір тәулік бұрын сол провинциядағы Бармаль аймағына да дәл сондай шабуыл жасалған. Ресми ақпар бойынша, 15 тәліп өлтірілген. Провинция әкімінің сөзіне қарағанда, шабуыл жасағандар Пәкістан жерінен баса-көктеп кірген.
XS
SM
MD
LG