Accessibility links

Ауғанстан экономикасы өткен жылы 30 пайызға ұлғайған. Ауған үкіметінің мәлімдеуінше, Дүниежүзілік банктің 10 пайыздық өсім туралы мәліметін жоққа шығаратын жаңа мәлімет пайда болған.


КАБУЛ: Ауғанстан жетекшісі Хамид Қарзайдың өкілі хабарлағандай, өткен жылы ел экономикасының 30 пайызға ұлғайғаны тіркелген. Одан бұрын Дүниежүзілік банк Ауғанстан экономикасының 10 пайызға өскені туралы мәліметті жариялаған болатын. Ал Ауғанстан үкіметінің мәлімдеуінше, соңғы сәтте ол көрсеткішті өзгертетіндей жаңа мәлімет пайда болған. Ауғанстан экономикасындағы қазіргі қолайлы жағдай құрғақшылықтың аяқталуымен, босқындардың елге оралуымен және, тұтастай алғанда, тәліптер билігі құлағаннан кейінгі бұқара халықтың экономикалық белсенділігінің артуымен сипатталады.
XS
SM
MD
LG