Accessibility links

Еуропа Одағы елдерінде еуропалық валютаны қолдан жасауға қарсы күресті, Еуропарламенттің экономика және қаржы саясаты жөніндегі комитетінің төрайымы К.Рандзио-Плат ханымның мәлімдеуінше, күрт қатаңдату қажет.


БРЮССЕЛЬ: Еуропа Одағы елдерінде еуропалық валютаны қолдан жасауға қарсы күресті қатаңдату қажет. Еуропа парламентінің экономика және қаржы саясаты жөніндегі комитетінің төрайымы Криста Рандзио-Плат осылай деп есептейді. Оның мәліметі бойынша, шілде айында ғана Интерпол Еуропа елдерінде еуропалық қағаз ақшаны басып шығарып келген жасырын 12 баспахана мен темір ақшаны құйып шығарып келген 3 шеберхананы аңғарған. Жалған ақша жасаушылар тіпті әлі басып шығарылмаған 300 еуролық қағаз ақшаны да шығара бастаған.
XS
SM
MD
LG