Accessibility links

Африкадағы Сахара құмында алжирлік көтерілісшілердің қолында кепілдікте отырған еуропалық 14 турист түгел босатылды.


БАМАКО: Африкада дүйсенбі күні кешкісін Сахара құмында алжирлік көтерілісшілердің қолында кепілдікте отырған еуропалық 14 турист түгел босатылды. Мали президентінің өкілі хабарлағандай, босатылғандар осы елдің ресми өкілдеріне тапсырылған. Таяу уақытта олар Еуропаға аттандырылмақ. Тұтқында кепілдікте отырған Германияның 9 азаматы, швейцариялық 4 азамат және 1 голланд – үстеміздегі жылғы ақпанның соңында, наурыз айының басында Сахара шөлінде исламшылдар байлап алып кеткен 32 туристің бір жартысы болатын. Олардың 17-сін Алжирдің қауіпсіздік қызметі мамыр айында босатып алды. Кеілдікте отырғандардың бірі басына қан құйылып дүние салды. Қалған 14-ін адам ұрлаушылар Сахара шөлінің оңтүстігіне қарай, Мали еліне алып кетіп, соңғы сәтте ғана босатты.
XS
SM
MD
LG