Accessibility links

Ирақта тағы 1 АҚШ жауынгері мерт болды. Ирақтағы ауқымды соғыс қимылдарының тоқтатылғаны туралы ресми түрде хабарланған 1-інші мамырдан бері қарай, Ирақта АҚШ-тың 61 жауынгері, 7 британдық және даниялық 1 жауынгер оққа ұшты.


БАҒДАД: Ирақ астанасындағы жарылыстың нәтижесінде АҚШ-тың 1 жауынгері мерт болды. АҚШ-тың Ирақтағы әскери басшылығының өкілі, болған оқиғаның мән жайына тоқталып жатпай, әлгі жауынгердің диверсиядан қаза болғанын мәлімдеді. Ирақтағы ауқымды соғыс қимылдарының тоқтатылғаны туралы ресми түрде хабарланған 1-інші мамырдан бері қарай, аталған елде АҚШ-тың 61 жауынгері, 7 британдық және даниялық 1 жауынгер оққа ұшты. Британияның “Рейтер” ақпарат агенттігі мен журналистердің бірқатар халықаралық ұйымы АҚШ-ты “Рейтер” агенттінінің телеоператоры Мазен Дананың өлімі себептерін мұқият тергеуге шақыруда. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Мазен Дананы оның бейнекамерасын гранататқыш деп қателескен АҚШ жауынгерлері атып өлтірген.
XS
SM
MD
LG