Accessibility links

Либерия үкіметі мен көтерілісшілердің негізгі екі тобы соғысты тоқтату және мемлекеттік билікті өзара бөлісу туралы 4 жылға созылған азамат соғысын доғаруға мүмкіндік беретін келісімге қол қойды.


МОНРОВИЯ: Либерия үкіметі мен көтерілісшілердің негізгі екі тобы дүйсенбінің кешінде соғысты тоқтату және мемлекеттік билікті өзара бөлісу туралы 4 жылға созылған азамат соғысын доғаруға мүмкіндік беретін келісімге қол қойды. Келісім-шартқа Батыс Африкадағы көрші ел – Гана елінің астанасы – Аккрада қол қойылды. Оның баптарына сәйкес, Либерияда 2006-ншы жылға дейін билік басында болатын өтпелі үкімет жасақталады. Батыс Африка елдерінің экономикалық ынтымақтасты ұйымының аталмыш келіссөздерге дәнекер болған атқарушы хатшысы Мохаммад ибн Хатмастың хабарлауынша, тараптар болашақ үкіметтің құрамын өзара талдауда.
XS
SM
MD
LG