Accessibility links

Ұлы Британия - БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне Ливия араб еліне қарсы бағытталған шектеу шарасын тоқтатуды ұсынып отыр.


ЛОНДОН: Ұлы Британия - БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне Шотландияның Локерби қаласы үстінде АҚШ-тың жолаушы әуе ұшағының 1988-інші жылғы жарылысынан кейін, Ливия араб еліне қарсы бағытталған шектеу шарасын тоқтатуды ұсынып отыр. Таяуда ғана Ливия ол жарылыс үшін өз жауапкершілігін мойындап, ол апаттың салдарынан қаза болған 270 жолаушының туған-туыстарына өтемақы төлеуге әзірлігін білдірді. Осыған байланысты БҰҰ-ының Лондон әзірлеген Қаулысының жобасы Қауіпсіздік Кеңесінде осы аптада дауысқа қойылуы ықтимал. Егер Ливия басқа террористік қастандықтан – 1989-ыншы жылы Нигериядағы франсұз жолаушы ұшағының апатынан қаза болған 170 жолаушының туған-туысқандарына төленетін өтемақының көлемін ұлғайтпаған күнде, Франсия ол Қаулының жобасына қарсы шығатынын ескертуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG