Accessibility links

Ингушетияда 5-інші шілдеде Мәскеудің Тушино әуе жайындағы 15 адамның өліміне және ондаған кісінің жараланып, жапа шегуіне себеп болған бірнеше жарылысқа қатысы бар деген 1 адам ұсталды.


ИНГУШЕТИЯ: Сейсенбі күні Ингушетияда 5-інші шілдеде Мәскеудің Тушино әуе жайындағы 15 адамның өліміне және ондаған кісінің жараланып, жапа шегуіне себеп болған бірнеше жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 1 адам ұсталды. Қолға түскен адам – республиканың Назрань ауданына қарасты Насыр-Қор ауылының 19 жастағы тұрғыны көрінеді. Оның аты-жөні әзірше аталмады. Ресей ішкі істер министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, әлгі бозбала жасырынған үйден көп қару-жарақ пен қопарғыштар табылған және Тушинодағы террористік қастандықты дайындаудың жоба-жоспары жазылған қойын дәптер аңғарылған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG