Accessibility links

Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеидің мәлімдеуінше, оның елі АҚШ-тың қысымына мойынсұнып, өзінің ядролық зерттеулерінен бас тартпайды.


ТЕҺРАН: Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеидің мәлімдеуінше, оның елі АҚШ-тың қысымына мойынсұнып, өзінің ядролық зерттеулерінен бас тартпайды. Ә.Хаменеидің айтуынша, Иран өзінің ядролық бағдарламасын бейбіт мақсатта жүзеге асыруда. Президент Мохаммад Хатами бастаған Иранның реформаторлық үкіметі БҰҰ-ының сарапшыларына ядролық нысандарды тексеруге рұқсат беру ұсынысын талдауда. Сейсенбі күні Иранда 100-ден аса саяси және қоғам қайраткерінің кертартпа діни жетекшілердің билігін шектеуге және саяси тұтқындарды босатуға шақырған арнайы хаты жария етілді.
XS
SM
MD
LG