Accessibility links

БҰҰ-ының Бағдадтағы миссиясына жетекші болған бразильдік дипломат – Сержиу Виейра ди Меллоның қазасына байланысты Бразилияда 3 күндік азнама жарияланды.


БРАЗИЛИЯ: БҰҰ-ының Бағдадтағы миссиясына жетекші болған бразильдік дипломат – Сержиу Виейра ди Меллоның қазасына байланысты Бразилияда 3 күндік азнама жарияланды. Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Сильваның мәлімдеуінше, “дипломат – террористік бассыздықтың құрбаны болды”. Дүниежүзілік қауымдастық БҰҰ-ының Бағдадтағы өкілдігі алдында болған жарылысқа үлкен наразылық білдіруде. АҚШ президенті Дж.Буш ол террористік қастандықты “әлемдік өркениеттің жаулары жүзеге асырды” деп мәлімдеді. Оның пікірінше, террористер елді қалпына келтіріп, диктатураның жаман мұрасын жою үшін Ирақ халқына көмектесуді көздеген БҰҰ-ын, АҚШ және оның одақтастарын қорқыта алмайды. (!) БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан айыптыларды іздестіріп, жазаға тартуға шақырды. Еуропа Одағы басшыларының бірі Хавьер Солананың пікірінше, бұл қастандық - Ирақты қалпына келтіруге қол ұшын созғандарға қарсы бағытталды. Бағдадтағы жарылысқа байланысты, сондай-ақ, Ұлы Британия, Германия, Ресей, Франсия және тағы басқа елдер наразылық білдірді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG