Accessibility links

“Погон таққан әзәзілдер” деп аталатын қылмыстық іс бойынша қамауға алынған 2 қызметкерін әрі қарай қамауда ұстау мәселесін Мәскеу соты бүгін қарамақшы.


МӘСКЕУ: Қылмыспен күрес жөніндегі мәскеулік басқарманың “погон таққан әзәзілдер” деп аталатын қылмыстық іс бойынша қамауға алынған 2 қызметкерін әрі қарай қамауда ұстау мәселесін Мәскеу соты бүгін қарамақшы. Мәскеулік ішкі істер басқармасының 5-інші бөлімі бастығының орынбасары Юрий Самолкин мен бөлім қызметкері Николай Деминді адвокаттары олардан ешқайда кетпеу туралы қолхат алып, бостандыққа жіберуін талап етуде. Аталмыш қылмыстық іс бойынша, мәскеулік ішкі істер басқармасының 6 қызметкері мен төтенше жағдайлар жөніндегі Ресей министрлігінің қауіпсіздік қызметі бастығы Владимир Ганеев тұтқындалды. Оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, қызмет бабын асыра пайдаланды және бопсалаумен шұғылданды деген айыптар тағылуда. Олар өздерін айыпты санаймайды.

Сұлтан Хан Аққұлұлы
XS
SM
MD
LG