Accessibility links

Иранда “Әл-Қаида” террористік ұйымы жоспарлаған террористік қастандық әшкереленді.


ТЕҺРАН: Иранда “Әл-Қаида” террористік ұйымы жоспарлаған террористік қастандық әшкереленді. Ұлтттық қауіпсізідіктің Жоғарғы кеңесінің жетекшісі Хассан Роханидің жексенбілік Иран газеттерінде жарық көрген сұхбатында хабарлағанындай, террористер Иранда бірқатар қастандық ұйымдастыруды жоспарлаған, бірақ ол жоспарды Иранның барлдау қызметі әшкерелеген. Ол жоспардың егжей-тегжейін Рохани мырза тәптіштеп айтпайды. Америка Құрама Штаттары Иранды террористерге қарсы белсенді түрде күреспейді деп айыптап, “Әл-Қаида” басшылығының Иранда тұтқындалған мүшелерін өз қолына беруді талап етуде. Вашингтон - Иранда ұсталған “Әл-Қаида” басшылығы өкілдерін АҚШ-та 11-інші қыркүйекте болған террористік қастандыққа қатысы бар деп есептейді.
XS
SM
MD
LG