Accessibility links

АҚШ-тың пікірінше, Азиялық-Тынық мұхит ынтымақтастығы ұйымының қазан айында Тайланд астанасы – Бангкокте ашылатын бас қосуы кезінде террористік қастандықтардың болуы мүмкін.


ВАШИНГТОН: АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Ричард Армитидж Азиялық-Тынық мұхит ынтымақтастығы ұйымының қазан айында Тайланд астанасы – Бангкокте ашылатын бас қосуы кезінде террористік қастандықтардың болуы мүмкіндігін ескертеді. Өзі сапарда жүрген Сидней қаласында жексенбі күні сөйлеген сөзінде Р.Армитидж атап көрсеткендей, Тайланд өкіметінің халықаралық террорист Хамбалиді тұтқындауына қарамастан, бас қосуға қатысушылардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілді деп есептеуге болмайды. Хамбали – Усама бин Ладинге жақын сияқты және экстремистік “Джемаа Исламия” ұйымы басшылығына жатады деп есептеледі. Ол Азия-Тынық мұхит аумағы елдері жетекшілерінің АҚШ президенті Дж.Буштың қатысуымен болатын бас қосуына террористік қастандық әзірледі деген айыппен өткен дүйсенбі күні тұтқындалды.
XS
SM
MD
LG