Accessibility links

Израиль мен Палестина автономиясының өкілдері Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Иерихон және Калькилия қалаларынан Израиль әскерін шығару жөніндегі түпкілікті келісімге келе алмады.


ТАЯУ ШЫҒЫС: Израиль мен Палестина автономиясының өкілдері Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Иерихон және Калькилия қалаларынан Израиль әскерін шығару жөніндегі түпкілікті келісімге келе алмады. Оның басты себебі – аталған қалалардың іргесінде Израиль өзінің әскери күзетін сақтап қалмақ. Израильдің мәлімдеуінше, әскери күзет экстремистерге қарсы күрес үшін қажет. Екіжақты келіссөздер таяу күндері қайта жалғаспақ. Бастапқы жсопар бойынша, Иерихон мен Калькилия қалалары Палестина автономиясының басқаруына бүгін, яғни дүйсенбіде, ал Рамаллаһ пен Тулькарм қалалары – алдағы аптада берілуге тиіс болатын.
XS
SM
MD
LG