Accessibility links

Ресейдің Қиыр Шығысында бүгін, дүйсенбіде ауқымды ресей-жапон-кәрей бірлескен әскери-теңіз жаттығулары басталады.


МӘСКЕУ: Ресейдің Қиыр Шығысында бүгін, дүйсенбіде ауқымды әскери-теңіз жаттығулары басталмақ. Оған 60-тан асатын әскери кеме, ондаған әскери ұшақ пен тікұшақ және 70 мыңнан асатын әскери мен бейбіт мамандықтардың өкілдері қатыспақ. Әскери теңіз күштерінің жаттығулары Жопан, Охот және Беринг теңіздерін қамтиды. Жаттығулардың 23-інші және 27-нші тамыз аралығында өтетін шешуші сәтіне Жапония мен Оңтүстік Кәрейдің әскери кемелері мен ұшақтары келіп қосылады. Ресейдің әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Владимир Куроедовтың мәлімдеуінше, әскери жаттығулардың басты мақсаты – аталған аймақтағы тұрақтылықты нығайту. Оның ішінде – террористік топтардың іс-қимылын ауыздықтау мен стратегиялық нысандарға бағытталған диверсиялық әрекеттердің алдын-алу болмақ.
XS
SM
MD
LG