Accessibility links

Қазақ батальонының алғашқы тобы Иракқа аттанды

  • Досан БАЙМОЛДА

Бүгін, тамыздың 19-ы күні Қазақ батальонының инженерлік-саперлік отрядының 14 әскери қызметкерден құралған алғашқы тобы Алматыдан Иракқа аттанды.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Отрядтың жалпы құрамы 27 адамнан тұрады. Қазақстандық бөлімше халықаралық одақтың тұрақтандырушы күштері құрамында әрекет етеді. Отряд құрамында борышын шарт негізінде өтейтін әскерилер, офицерлер мен аудармашылар бар. Инженерлік-саперлік отрядтың басты міндеті – Ирак жеріндегі жарылғыш заттар жасырылған алаңдарды залалсыздандыру болып табылады.
XS
SM
MD
LG