Accessibility links

«Тәуелсіз кәсіпкерлер Ассоциациясы» сайлау алдындағы тартысқа қатысудан бас тартты

  • Гүлмира ХАМЗА

«Тәуелсіз кәсіпкерлер Ассоциациясы» атты бірлестік мүшелері сайлау алдындағы тартысқа қатысудан бас тартты

19 тамыз күні Алматыдағы Қазақстан баспасөз клубында «Тәуелсіз кәсіпкерлер Ассоциациясы» атты бірлестік мүшелері журналисттермен кездесті. Баспасөз мәслихаты барысында кәсіпкерлер Алматы қалалық мәслихат депутаттығына кандидатурасын ұсынған бес үміткер, сайлау алдындағы тартысқа одан әрі қатыспайтынын жариялады.

«Тәуелсіз кәсіпкерлер Ассоциациясы» 20 шілде күні қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттыққа 31 адамды ұсынған. Бірақ 14 күн өткеннен кейін, жергілікті сайлау комиссиясы 26 кәсіпкердің құжаты дұрыс емес, дегенді айтқан. Нәтижесінде тіркеуден өткен 5 кандидат сайлау тартысына қатысудан бас тартық, - дейді қауымдастық мүшесі Ербол Туғанбай

«Алтын Арай Фуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры Ербол Туғанбай: - 4 тамыз күні, соңғы тіркеуден 14 күн өтіп кеткеннен кейін сайлау комиссиясы қалған 26 кандидатты теркемеу жөнінде шешім қабылдады. Олар бұл әрекеттерін, тапсырған 26 кәсіпкердің құжаттары дұрыс емес, және құжаттардың көшірмесі керек деп бізді қайтарып жіберді. Кәсіпкерлер бар кемшілікті айтып, сотқа шағымданған, бірақ бұл әрекеттеріде нәтижесіз болғанын жеткізді.

«Алтын Арай Фуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры Ербол Туғанбай: - 7 жылдық сот тәжірибемізде «Тәуелсіз кәсіпкерлер Ассоциациясы»атты бірлестіктің заңгерлері соттың мұндай заңсыз әрекетін және дөрекі түрде заңды бұзғанын байқамаған. Сол себептен, тіркеуден өткен кандидаттар сайлау алдындағы тартысқа ода әрі қатысудан бас тартты.

Ресми түрде тіркеуден өткен кандидаттар бұл қадам арқылы өз сенімсіздігін білдіреді, -дейді қауымдастық мүшесі Марат Тлеукеев

«Тәуелсіз кәсіпкерлер Ассоциациясы» атты қоғамдық бірлестіктің мүшесі Марат Тлеукеев: - Сенімсіздік білдіріп отырмыз. Бұл барлық жерде болатын жағдай. Мысалы, мектепке құжат тапсырсанда, төрт-бес құжат тапсырасың. Ол құжаттарды тапсырғаннан кейін түрлі сұрақ қоя бастайды.Мысалы, еңбек кітапшасының көшірмесін алып келу керек, бұл заңда жазылмаған. Бұл құжаттарды іздеп жүргенде, бізді тіркемей қойды. Алғашқы сатыда осындай болса, соңы қандай болады, деп бас тарттық.

Кәсіпкерлерге көрсетілген бұл жайтты қауымдастық мүшелері өздерінше бағалайды. Марат Тлеукеевтың пікірінше, бұл жағдайда билік кәсіпкердердің күшінен қорқақтады, деп айтуға болады.

«Тәуелсіз кәсіпкерлер Ассоциациясы» атты қоғамдық бірлестіктің мүшесі Марат Тлеукеев: - Кезінде бізді көп тексеретін, жұмыс қиын болатын, қазір тесерулер азайды, қазір біз өзіміздің күшімізді сезінеміз. Сол себептен бізге алдын ала кедергі жасады, деп ойлаймын.

Бұл орайда «Тәуелсіз кәсіпкерлер Ассациациясы» қоғамдық бірлестіктің жетекшісі Талған Ақуов 5 кандидат бар куәлігін жинап, Орталық сайлау комиссиясының төраймына жеберіп, сайлау алдындаңы тартысқан бас тартаны жөнінде хат жазып жіберетінін айтты.

Баспасөз мәслихаты соңында кәсіпкерлер сайлау мүмкіндігімен пайдала алмайтынына өкініш білдірді, енді олар бұл мүмкіндіктерін 4 жылдан кейін пайдаланамыз, деп үміттеніп отыр.
XS
SM
MD
LG