Accessibility links

Американдық сенатор Ричард Лугар жаңа зертханалар салу жөнінде пікірлесті

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Американдық сенатор Ричард Лугар Қазақстанда оба және күйдіргі дерттерін жоюға қатысты жаңа зертханалар салу жөнінде пікірлесті

Дүйсенбіде Алматыдағы М.Айқынбаев атындағы Қазақ Карантингендік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға АҚШ Сенатының халықаралық қатынастар жөніндегі комитеттің төрағасы Ричард Лугар келді.

Ол аталған орталықтың жұмысымен, ондағы оба және күйдіргі секілді ауруларға қарсы жұмыс жүргізіп жатқан зертханалармен танысып, екіжақты қарым-қатынастар жайында әңгімелесті. Р.Лугар ядролық, химиялық және биологиялық қаруларды шектеу жөніндегі Қазақстан мен АҚШ арасындағы тиісті бағдарлама жобасына орай, биологиялық вакциналар жасап шығару мәселесі жайында пікірлесті.

Ол қарусыздану жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылатын бір орны осы орталық екендігін тілге тиек ете отырып, жақын арада жаңа зертхана тұрғызылатындығын ортаға салды. Аталған зертхананың құрылысын Америка жағы қаржыландырмақ. Онда оба ошақтарындағы ауру тарататын қоздырғыштарды зерттейтін ғылыми сараптама жүргізілетін болады.

Сенатор оба ошақтарының картасымен танысып, оны жүзеге асыру үшін болашақта Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен келісім-шартқа отырып, соған орай қосымша 20 миллион доллар бөлінетіндігін, ол қаржыға жаңа зертханалар салынатындығын хабарлады.

АҚШ сенаторымен кездесуге Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев, Энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник, Американың Қазақстандағы елшісі Ларри Нэппер қатысты.
XS
SM
MD
LG