Accessibility links

Халықаралық Құқық қорғау ұйымдары түрмедегі қырғыз оппозия басшысын босатуды талап етті.


Бішкек. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары 2005 жылы Қырғызстанда өтетін президенттік сайлау әділ өтуі үшін түрмеде отырған оппозиция басшысы Феликс Куловты азат керек деп Қырғыз үкіметінен талап етті. Human Rights Watch ұйымының Еуропа мен Орта Азия бойынша атқарушы директоры Елизавет Андерсон бүгін жасаған мәлімдемесінде Феликс Кулов бостандыққа шығуға тиіс деді. Оның түрмеде отыруы болашақ сайлаудың жақсы нышаны емес деді. Кулов облыс әкімі болып тұрған кезде қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен 2002 жылы 10 жылға кесілгені белгілі. Ар-Намыс партиясының жетекшісі Кулов Қырғызстанда президент Асқар Ақаевқа бақталас бірден-бір саяси тұлға деп есептелінеді. Президент Ақаев 2005 жылғы президенттік сайлауға түспейтінін мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG