Accessibility links

Қазақстан Ираққа бітімгерлік жасағын аттандыруда.


Алматы. Бүгін Ираққа Қазақстаннан 13 маманнан тұратын бітімгерлік жасағы ұшып шықпақ. Жасақ Ирақта 6 ай қызмет атқармақ. Кеше 14 кісіден тұратын жасақ Ираққа ұшып шыққан болатын. Олардың дені әскери инженерлер. Бұл қазақ жасақтарының бәрі де Ирақты тұрақтандыру күштерінің құрамында, атап айтқанда Ирақ орталығындағы Вазит өлкесінде орын тепкен Польша бітімгерлері құрамында қызмет атқармақ.
XS
SM
MD
LG