Accessibility links

Израиль басшылығы Иерусалемде кеше болған бомбалық шабуылдан кейін Палестинамен келіссөздердің бәрін тоқтатты.


Иерусалем. Кеше Иерусалемде аутобусқа болған бомбалық шабуылдан 20 кісі опат болып, жүзден аса кісі жарақаттанды. Бұл шабуылға жауапкершілікті Палестинаның Хамаз және Ислам Жихады ұйымдары өз мойындарына алды. Бүгін Израиль үкімет басы Ариел Шарон бұл шабуылға енді қалай жауап беру керектігі жөнінде өз кабинет мүшелерімен кездесті. Израиль үкіметі Палестинамен өтіп жатқан бейбіт келіссөздердің бәрін тоқтату жөнінде шешім қабылдады. Сондай-ақ, Палестина қарамағына өткізбек болып отырған екі қала мәселесін де тоқтатты. Хамаздың саяси жетекшісі Абделазиз Рантисси бұл шабуыл Израильдің басқыншылық саясатына қарсы бағытталды. Бұл шабуыл Палестин қарулы топтарының атысты тоқтату туралы келісімін бұзу емес деді. Палестина үкімет басы Махмуд Аббас шабуылды Палестинаның ұлттық мүддесіне залалын тигізді деп айыптады. Бұл мәселені талқылау үшін Махмуд Аббас Палестина кабинет мүшелерінің төтенше отырысын шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG