Accessibility links

Халықаралық қауымдастық Ирақтағы Біріккен Ұлттар Ұйымының мекемесіне шабуылды айыпауда.


БҰҰ. Кеше Бағдадта болған 17 кісінің ажалына жеткен БҰҰ-ның мекемесіне болған шабуылды халықаралық қауымдастық қатаң айыптауда. Опат болғандар арасында БҰҰ-ның Ирақтағы өкілі Сергио Виера де Мелло, осы ұйымның Балалар қорының Ирақ бойынша үйлестірушісі Кристофер Клеин-Бикман бар. Бұл шабуылға жауапкершілікті әлі еш ұйым мойынына алған жоқ. Бұл шабуылды айыптаған елдер арасында Қытай, Британия, Жапония, Сирия, Сингапур, Австралия, Индонезия және Жаңа Зеландия бар. Құрама Штаттары президенті бұл бомбалық шабуыл Құрама Штаттары мен БҰҰ-ның Ирақ халқына жәрдем беру қарқынын тоқтата алмайды деп мәлімдеді:

"Ирақ өзін-өзі басқару, бейбітшілік жолына біржола түсті. Бұ жолда Америка мен біздің БҰҰ-дағы достарымыз Ирақ халқымен бірге."

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG