Accessibility links

Айдос Садықовқа қарсы әрекеттер тыйылар емес


Қазақстан Демократиялық таңдауы қозғалысы Ақтөбе облыстық бөлімі жетекшісінің орынбасары Айдос Садықовтың ақыл-есі дұрыс емес болуы мүмкін деп, бір ай бойы психиатриялық тексеруден өткізілген болатын.

Енді міне, сондай қысым көрсетушілік әлі тиылмай отырғанын айтып, сәрсенбі күні Айдос Садықовтың өзі және шешесі екеуі Алматы бюросына хабарласты.

- Қазір маған кей азаматтар жанашығандық танытқан болып, облыс аумағынан алысқа кетіп қал, Ресей жаққа өтіп кетсең тіпті жақсы, деп ақыл айтқан болуда, - дейді Айдостың өзі.

Оның айтуына қарағанда, егер қаладан сыртқа шығып кетер болса, оны дереу ұстап алып, үстінен қылмыстық іс қозғап,жындыханаға жатқызып қоюы әбден мүмкін.

Ал Айдос Садықовтың анасы Мәншүк Ысқақова менің жалғыз ұлым ешқашан ауырған емес, ақыл-ойында ауытқушылық деген атымен болмаған, бұл мен үшін күтпеген жағдай, өзім медицина маманымын, мұндай жағдайды жақсы түсінемін, дегенді айтты.

Осының бәрі Айдостың саясатқа араласуынан басталды дейді Мәншүк Ысқақова.
XS
SM
MD
LG