Accessibility links

Иранның рухани жетекші аятолла Әли Хаменеи тұтқын-әйелдер үшін шектеулі рақымшылық жариялады.


ТЕҺРАН: Иранның рухани жетекші аятолла Әли Хаменеи тұтқын-әйелдер үшін шектеулі рақымшылық жариялады. Оған сәйкес, ұзақ мерзімге – 15 жылға дейінгі мерзімге сотталған және мерзімінің 1/5 бөлігін өтеп үлгерген әйелдер, кәмелетке, яғни 18-ге толмаған әйелдер, сондай-ақ өз отбасын асыраушы жесір және күйеуінен ажырасқан әйелдер бостандыққа шығарылады. Ресми ақпар бойынша, Ирандағы 150 мың тұтқынның 5 пайызын әйелдер құрайтын көрінеді.

Сұлтан Хан Аққұлұлы
XS
SM
MD
LG