Accessibility links

Германия азаматының Беларуссиядан күштеп шығарылуына байланысты Берлин Минскіге ресми наразылығын жолдады.


БЕРЛИН: Жуырда Германия азаматының Беларуссиядан күштеп шығарылуына байланысты Берлин Минскіге ресми наразылығын жолдады. ГФР-дің сыртқы істер министрлігі өз азаматын олай шығару – екі ел арасындағы қарым-қатынасқа нұқсан келтіретінін мәлімдеп, Беларуссиядағы адам құқықтары мен демократиялық ережелердің сақталуына байланысты тағы да алаңдаушылығын білдірді. Беларусь оппозициясы үшін қоғамды демократияландырудың проблемалары бойынша семинар ұйымдастырған Ян Буш - арандатушылық іспен айналысты деп айыпталды. Беларуссияның мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Ян Буш елдегі саяси ахуалды ушықтырмақ болды деп мәлімдеуде.
XS
SM
MD
LG