Accessibility links

Палестина автономиясының премьер-министрі М.Аббас Иерусалимдегі террористік қастандықты ұйымдастырғандарды іздестіріп, тұтқындауға бұйрық беріп, қалыптасқан ахуалды талдау үшін, өз кабинетімен төтенше мәжіліс өткізді.


ТАЯУ ШЫҒЫС: Палестина автономиясының премьер-министрі Махмуд Аббас сейсенбі күні Иерусалимде болған террористік қастандықты ұйымдастырғандарды іздестіріп, тұтқындауға бұйрық беріп, қалыптасқан ахуалды талдау үшін, өз кабинетімен төтенше мәжіліс өткізді. М.Аббас - кем дегенде 18 адамның өліміне және 100-ден аса кісінің жаралануына себеп болған автобустың жарылысына жауапты экстремистік “Хамас” және “Ислам джиһады” топтарымен арадағы байланысын дереу үзді. Израильдің солтүстігінде әскери түрмеде палестиндік тұтқындардың көтерілісі одан әрі жалғасуда. Полиция оларға қарсы көзден жас шығаратын газ бен резина оқтарды қолдануда. Жапа шеккендер жайында ресми ақпар жоқ. Бірақ көтерілісшілердің журналистермен телефон арқылы байланысқан көсемі бірнеше ондаған тұтқын жарақат алды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG