Accessibility links

Сахалин облысының губернаторы И.Фахрутдинов отырып келе жатып Камчатка түбегінің үстінде із-түссіз жоғалған Ми-8 тікұшағын іздестіру жалғасуда.


КАМЧАТКА. РЕСЕЙ: Сахалин облысының губернаторы Игорь Фахрутдинов отырып келе жатып Камчатка түбегінің үстінде із-түссіз жоғалған Ми-8 тікұшағын іздестіру қайта жалғасты. Өткен түнде жоғалған тікұшақты оның ұшып өтуі мүмкін деген аудандарда теңіз кемелері іздестірді, күн шыққан соң оларға авиация қосылды. Тікұшақтың ішінде 17 жолаушы болған, олардың барлығы іс-сапарға шыққан Сахалин губернаторына серік болып жүрген облыстық әкімшіліктің қызметкерлері көрінеді. Олар Северо-Курильск қаласына қарай ұшып келе жатса керек. Тікұшақта төтенше жағдайда хабар беретін аппараты болмаған, сондықтан да оның қонған немесе құлаған жерін анықтау әзірше мүмкін болмай тұр. Іздеу шаралары Петропавловск-Камчатский қаласынан оңтүстікке қарай 80 шақырым қашықтықтағы Поворотный мүйісі маңайында жалғасуда.
XS
SM
MD
LG