Accessibility links

Президент жұртшылық өкілдерін қабылдады


Тамыздың 24 күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әр салада еңбек етіп жүрген жас мамандар тобын қабылдады.

Олар өздері қызмет ететін мекеме, кәсіпорындардағы жұмыс қарқыны, өндірген өнімдерінің сапасы мен алдағы мақсаттары жайында баяндады. Мәселен, «Орталық Азия интергаз» кәсіпорны департаментінің диркторы Асқар Әбілов Өзбекстан мен Түркіменстаннан газ тасымалдау жұмыстарын жетілдіру жолдары жайында айтты.

«Экономика, түрлі әкімшілік іс жүргізу саласында қазақстандық мамандардың табысты еңбек етіп жүргенін аңғардым, шетелдіктерден кем емес, ең бастысы олар жергілікті жағдайды жақсы сезінеді» деді. Сонымен қоса ол: «Алдағы уақытта «Болашақ» бағдарламасымен шетелдерде дәрігерлер дайындауға баса назар аударса» деген пікірін білдірді.

Одан кейін сөз алған «Семейцемент» кәсіорны директорлар кеңесінің төрағасы Ерболат Әпсәламовтың айтуынша, «2000 жылы банкрот болып қалған Семей цемент зауытын қайта қалпына келтірген. Қазір компания жылына 1 миллион 200 мың тонна өнім береді екен. Инвестиция тартып құрал-жабдықтарды жаңалаған. Зауыт бұл күнде қалыпты жұмыс істеп тұр»

Ал «Атырауқұрылыс монтажсервис» кәсіорнынынң директоры Әділ Жұбанов шағын кәсіпкерлер өкілі ретінде қазір Президент пен Үкімет тарапынан шағын және орта кәсіпке жасалып отырған қолдауға ризашылығын білдірді.

Семейден келген Маргарита Калачян «Байуақов ТВК-6» деп аталатын жеке телекомпанияның өкілі екен. Ол да еркін жұмыс істеуге Қазақстанда бар мүмкіндік жасалған дей келіп, «Бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегідей журналистер сынаған кезде сыналған адам немесе мекеме жауап беретін болса» деген арманын айтты.

Президент журналистің ең басты парызы шындықты жазу, жұртты хабардар ету, қашанда бейтарап болу. Бірақ жеке меншік ақпарат құралдарының кейбір журналистреі осыны біле бермейді деді. Келгендердің соңын ала сөйлеген Зәуре Нұрмұқанова бизнесте 10 жылдан бері жүргенін 5 кәсіпорны бар екенін, қазір бәрінде жұмыс жақсы жүріп жатқанын тілге тиек етті.

Президент кездесу соңында жастарды елдің экономикасын одан әрі дамыта түсу үшін аянбай еңбек етуге шақырды. Қазіргі уақытта шағын және орта кәсіппен шұғылданатындар жалпы ішкі өнімнің 30 пайыздайын беруде. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш одан әрі өсетін болады деді Президент.
XS
SM
MD
LG