Accessibility links

Жұмыссыздар жұмыс берушілермен кездесті


Тамыздың 21-і күні Астанада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Астана қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментінің ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеге қатысуға ресми түрде 57 кәсіпорын тапсырыс берді. Алайда, нақты жәрмеңкеге қатысып отырған кәсіпорындар саны 60 тан асады, - деді аталған департамент директорының орынбасары Галина Криничная.

Жәрмеңкеге 70 пайызы жұмысшы мамандықтары бойынша 3 мыңнан аса бос жұмыс орыны ұсынылды.

Тамыздың біріндегі жадғай бойынша қала бойынша жұмыссыздар есебіне 2800 адам тіркелген. Жыл басынан бергі жет ай ішінде 4,5 мыңнан аса жұмыс сұрап, өтініш білдіріпті.

Бұл тіркелген жұмыссыздар саны, ал қалада олардың әлі қаншасы жүргені белгісіз, - деді ол.

Галина Криничнаяның айтуынша, жұмыссыздар мемлекеттік органдарда қызмет етуге көп ықылас білдіреді екен. Ал, құрылыс саласының еңбекақысы әлдеқайда жоғары болса да жұмыскерлер жетпіспейтін көрінеді.

Қайта даярлау крустарына оқытуға хабарлама беріп жатса да оқығысы келетіндер аз.

Жәрмеңкеге кәсіби заң кеңесін берушілер, мамандыққа қайта даярлау ұйымдары да қатысты.

“Профессионал” атты маман агенттігі директорының орынбасары Ақжан Ешмұхамедов те өндірістік кәсіпорындардың сұраныстарын орындай алмай отырғандықтарын айтты.

Агенттік азаматтарды келісім-шарт негізінде жұмысқа орналастырумен айналысады. Оған есепке тұру ақылы. Жұмысқа тұрған жағдайда алғашқы айлықтың 50 пайызы агенттікке беріледі.

Астана маңыайындағы Малиновка ауылынан келген Сапар Әубәкіров деген азамат баласына қызмет іздеп жүргенін, бірақ оған қол жеткізе алмай отырғанын айтты.

Айгүл Әубәкірова болса, еңбек өтілінің аздығынан жұмысқа ораналаса алмай отырғанын айтты. Жәрмеңке талабы бойынша бухалтерлік жұмысқа үш жыл еңбек өтілімі болуы керек.

Астана қаласының тұрғыны Ләззәт Сайылованың пікірінше, қалада жұмысқа тұру оңай.

Астана қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментінің бас маманы Аманкүл Тұржанованың айтуынша, жыл сайын өтікзілетін осындай еңбек жәрмеңкелерінен азаматтардың 40-45 пайызы еңбекпен қамтылады.
XS
SM
MD
LG