Accessibility links

Достық-Алашанькоу халықаралық темір жолындағы сауда көлемі


2006 жылдан бастап Достық-Алашанькоу халықаралық темір жолы шекаралық өткізу бекеті арқылы тасымалданатын сыртқы сауда көлемін 10 млн. тоннаға ұлғайту көзделуде

Қазақақпарат агенттігінің хабарлауынша, тамыздың 20-ы күні Премьер-министр Даниал Ахметовтің төрағалығымен өктен темір жол көлігін дамыту және одан әрі реформалау, байланыс, ипотекалық несие, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, кеден ісін жетілдірудегі бірқатар мәселелер бойынша кеңесте Достық-Алашанькоу халықаралық темір жолының шекаралық өткізу бекетін және Ақтоғай-Достық темір жол учаскесін дамыту мәселелері қаралды.

Кеңестің қорытындысы бойынша тиісті министрліктер, ведомстволар, сондай-ақ Алматы облысы мен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы басшыларына 2006 жылдан бастап Достық-Алашанькоу халықаралық темір жолы шекаралық өткізу бекеті арқылы тасымалданатын сыртқы сауда көлемін 10 млн. тоннаға ұлғайтуды қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға тапсырма берілді.

Кеңесте «Достық» және «Қорғас» кеденін осы заманғы құрылғылармен, санитарлық және дозиметриялық бақылау құралдарымен, техникалық жарақтандыруды күшейтуге қатысты барлық мәселелер, әскерилер мен жұмыскерлер үшін тұрғын үй құрлысы 2004 жылы шешімін табуы керектігі атап өтілді. Бұл мәселе бойынша Үкіметтің арнаулы қаулысы қабылданып, келесі жылдың бюджетінен қажетті қаражат бөлінетін болады.
XS
SM
MD
LG