Accessibility links

Тбилисиде Абхазиядан келген босқын әйелдер үкіметтен баспана талап етіп, өздерін өртемекші болды.


Тбилисиде Абхазиядан келген негізгі бөлігі әйелдер болып отырған грузин босқындар тобы Метрострой компаниясының ғимаратын бірнеше сағатқа басып алып, босқын әйелдер өздеріне жанар май құйып, егер өздеріне үкімет тұрғын үй бермесе өртенетіндіктерін айтқан. Сондай-ақ, босқындар өздерімен қоса бірнеше Метрострой компаниясының қызметкерін де өртейміз деп қорқытқан. Қарсылық акциясы билік басылары оларға тұрғын үй беруге уәде берген соң барып тоқтатылды. Тбилисиде Абхазиядан келген 80 мың босқынның үй жайы мәселесі қиын жағдайда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG