Accessibility links

Бүгін Пәкістанның сыртқы істер министрі Махмуд Касури Қабулға келді.


Оның келіссөздері ауған үкіметінің деректерінде айтылып жүргендей, Пәкістан жақтан талибтердің жасағы мен Әл қаида ұйымының жауынгерлері еніп отыр деген шекаралық аймақтағы ахуалы төңірегінде болды. Кездесуде Пәкістан сыртқы істер министрі, Исламабад Ауғанстанда бейбіт жағдайдың қалыптасуына мүдделі деп мәлімдеген. Өткен аптада Ауғанстанның оңтүстік батысындағы Пактика провинциясында талиб жасақтарының шабуылынан ең кем дегенде 25 адам қаза болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Урузган провинциясындағы тауларда жүз шақты жауынгер тығылып жатыр. НАТО-ның Қабулдағы бітімгершілік күштерінің жаңа басшылығы, неміс генералы Готц Глимерот сәрсенбі күні жалпы қаладағы жағдай қауіпсіз, дегенмен террорлық шабуылдың болу мүмкіндігін де жоққа шығаруға болмайды деген.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG