Accessibility links

Аргентина Сенаты әскери рахымшылық жариялау мәселесін кері қайтарды.


Аргентина Сенаты 1976 –шы жылдан 1983 жылға дейінгі аралықта елдегі кісі өлімі мен әскери топтың басқаруы кезіндегі әрекеттерге жауапты болғандарға әскери рахымшылық жариялау мәселесін кейінге қайтарып тастады. Осыған дейін рахымшылық жариялау жөніндегі шешімді парламенттің төменгі палатасы қабылдаған болатын. Құқық қорғаушылардың мәліметтеріне қарағанда, әскери топ басқарған кезеңде Аргентинада 30 мыңдай адам із-түзсіз жоғалған немесе атылып кеткен. Амнистияны кейінге қайтару жауаптыларды сотқа тартуға мүмкіндік беретін болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG