Accessibility links

Таяу шығыстағы соңғы оқиғалар.


Бүгін Газа қаласында Израиль тікұшағы Хамас тобының бір жетекшісі кетіп бара жатқан көлікті зымыранмен атқылады. Хабарларға қарағанда, үш адам өлген. Израиль әскері танкімен Иорданның батыс жағалауындағы Түлкарм, Женин және Наблус қалаларына кірген болатын. Палестина жауынгерлерін іздеу жөніндегі операция сейсенбі күні кешкісін Иерусалимде болған терактіге жауап ретінде жүргізіліп отыр. Ол террорлық шабуылдан 18 адам қаза болып, 100-ден көбі жараланған. Осы шабуылға жауапкершілікті Хамас пен Ислам жихады атты экстремистік топтар алған. Түлкармде Ясир Арафат басқаратын Фатх қозғалысының үш мүшесі тұтқындалды. Тексеру кезінде бір палестиндік жасөспірім атылды. Израильдің министрлер кабинеті Палестин елінің басшылығына палестина жауынгерлеріне қарсы шара қабылданбаса, таяу шығыстағы жағдайды бейбіт реттеу жөніндегі халықаралық жоспарды жүзеге асыру мүмкін емес екенін ескерткен. Палестина премьер министрі Махмуд Аббас Ясир Арафаттан радикалды палестина жауынгерлеріне қатысты қатаң шара қабылдауын талап етті. Егер олай болмаған жағдайда министрлер кабинетінің орнынан кету қаупі төніп тұрғанын айтқан, -үкімет басы Махмуд Аббас. Одан алдын Махмуд Аббас Иерусалимде болған терактіні ұйымдастырған топтарды іздестіруге нұсқау беріп, осы жағдайды талқылау үшін үкіметтің төтенше отырысын өткізген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG