Accessibility links

Ирақта Саддам Хусеиннің ең жақын үзеңгілестерінің бірі Әли Хассан әл-Мәжит қолға түсті.


БАҒДАД: Ирақта Саддам Хусеиннің ең жақын үзеңгілестерінің бірі, көпшілікке “Химик Әли” деген жаман лақап атымен танылған Әли Хассан әл-Мәжит қолға түсті. АҚШ пен Ұлы Британияның әскери басшылығы ол жайында әзірге ешқандай хабар бермей отыр. Сәуір айында әскерилер Әл-Мәжит бомбалау кезінде қаза болды деп мәлімдеген болатын. Саддам Хусеиннің немере інісі болып табылатын Әл-Мәжит - бұрынғы саяси режимнің іздеу салынған 55 кісілік тізімінде 5-інші болып тұрды. “Химик Әли” деген жаман лақап атына ол 1988-інші жылы Ирақ күрдтеріне қарсы химиялық қаруды қолдану туралы бұйрық бергені үшін ие болды. Сол химиялық шабуылдың нәтижесінде Ирақта мыңдаған адам қыршын кетті.
XS
SM
MD
LG