Accessibility links

Өз көсемдерінің бірі – Ысмайыл Әбу Шанабтың қазасы үшін экстремистік “Хамас” тобы Израильге кек қайтаратынын мәлімдеуде.


ТАЯУ ШЫҒЫС: Өз көсемдерінің бірі – Ысмайыл Әбу Шанабтың қазасы үшін экстремистік “Хамас” тобы Израильге кек қайтаратынын мәлімдеуде. Израильдің әскери тікұшақтары бейсенбі күні Һаза аумағында Әбу Шанаб отырып келе жатқан жеңіл автокөлікке әуеден зымырандық соққы берді. Экстремистік “Хамас” және “Ислам джиһады” топтары Израильмен арадағы бітімді доғаратындарын хабарлады. Палестина автономиясының премьер-министрі М.Аббас: Әбу Шанабтың қазасы - экстремистік топтарға қарсы күрес мәселесін едәуір ауырлатады деп мәлімдеді. Бейсенбі күні АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Пауэлл Таяу Шығыс жанжалын үйлестірудің “жол картасы” жоспарын жүзеге асыру ісінде Палестина басшылығын тағы да Израильмен арадағы келіссөздерден және халықаралық дәнекерлермен арадағы ынтымақтастығынан бас тартпауға шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG